Басқару

ҚР-да ТДҰА-ның бәсекелі ортаға тапсырылатын кейбір объектілеріне қатысты аукцион қайта өтеді

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) бәсекелі ортаға тапсырылатын кейбір объектілерін саудаға қайта шығарады, деп хабарлады «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Шілде , 15:34

Аталып өткендей, сауда саттықтың ағылшын әдісімен иеліктен шығарылатын кейбір үлестерге қатысты электрондық аукционы www.gosreestr.kz веб-порталында 2015 жылғы             11 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағ. 10-00-да өтеді.

Порталда мына объектілер орналастырылған.

«Алгоритм» Технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 3,98%, үлес иесі – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, бастапқы бағасы – 35 031 244 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Алгоритм» Технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 31,59%, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 262 743 844 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Сары-Арқа» технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 84,255%, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 462 766 038 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 53,66916%, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 210 955 684 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Алтай» Шығыс Қазақстан технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 21,6 %, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 309 205 444 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Тау-кен-металлургиялық жабдықтарының конструкторлық бюросы»,  сатылатын үлесі – 100 %, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 688 410 084 тенге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы», сатылатын үлесі – 100 %, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 577 535 001 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

Айта кетерлік жайт, мүлікті иелігінен шығарған кезде сатып алушыға қойылатын ерекше шарттары қарастырылған, олар: объектілердің мамандыруын және қызмет түрлерін сақтау, жұмыскерлердің жұмыс орындарын сақтау.

Естеріңізге сала кетейік, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған және ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.




Яндекс.Метрика