Адами капитал

Әскери қызметшілерінің күшімен тұрғын үйлердің 200-ге жуық ауласы мен жолдары сел салдарынан тазартылды

Алматы гарнизоны әскери қызметшілерінің күшімен тұрғын үйлердің 200-ге жуық ауласы, 1000-нан астам метр жол сел тасқыны салдарынан тазартылды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Алматы қаласы27 Шілде , 16:38

«Сел салдарынан тастардың астында қалған Алматы көшесі толық тазартылды.   Енді техника амен адамдар көшеде емін-еркін жүре алады, жол түгелдей жабылды», - деді ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары  полковник Еркін Алашбеков.

Қазіргі уақытта Қарғалы кентінде Алматы өңірлік гарнизонының 400-ден астам әскери қызметшісі жүр. Олардың жарты бөлігі жергілікті мектептің жертөлесінен суды ағызу және ғимаратқа іргелес орналасқан аумақты тазарту бойынша еңбектенуде, қалғандары әлі күнге дейін су басып қалған аулалар мен жолдарды тазартуды жалғастыруда. 

«Лай көшкіні үйіміздің ауласын басып кетті, біз шығып та үлгермедік. Қазіргі кезде тастар мен балшықтың үйіндісінен еш нәрсе қалған жоқ.  Орасан жұмыс атқарылды, өте көп күш жұмсалды. Бізге қол ұшын созуға келген адамдарға шексіз алғысымызды білдіреміз», дейді кент тұрғыны Динара Ысқақова.

Есеріңізге сала кетейік, Қарғалы өзенінде су деңгейінің жоғарлауына байланысты Қарғалы және Таусамалы шағын аудандарының ішінара су басуы орын алған. Нәтижесінде Алматы қаласының Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандарындағы тұрғын үйлер зардап шекті. Бүгінгі таңда Алматыда төтенше жағдай режимі сақталуда.  Осыған байланысты, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері төтенже жағдай ауданында жұмыс атқаруды жалғастыруда.

Әскери қызметшілердің жұмысын үйлестіру, міндеттерді және жұмыс учаскелерін бөлу мақсатында жедел штаб құрылғанын атап өткен жөн. Ол ағымдағы апта бойы қызмет атқаратын болады.




Яндекс.Метрика