Басқару

С. Евдокимова: Қазақстанда балалармен және ата-аналармен жұмыс істейтін 1 мың 742 психолог оқытылды

Қазақстанда Отбасылық тәрбие беру институты тарапынан 1 мың 742 психолог оқытылды, олар Қазақстан бойынша ата-аналар мен балаларға көмек көрсететін болады, деп хабарлады Отбасылық тәрбие институтының бас директоры Софья Евдокимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Казахстан27 Шілде , 13:26

Отбасылық тәрбие беру институты дайындалып, бекітілген авторлық бағдарламалар бойынша, кәсіби біліктілік деңгейін арттырып, педагогтар мен отбасылық психологтарды қайта дайындап, оларды тек балалармен ғана емес ата-аналармен де жұмыс істеуге үйретеді. 

«Біздің ата-аналарымызға өздерінің балалармен қарым-қатынастарындағы педагогикалық сауаттылықты жеткізу үшін арнайы кадрлар керек, оларды біз дайындай аламыз. Институт психологтардың біліктілігін арттыру курстарын ашты. Бүгінгі таңда Қазақстанда білім саласы бойынша 12-мыңға жуық психолог жұмыс істейді. Біздің Отбасылық институтымыз 1 мың 742 психологты дайындады, олардың барлығы да қазір бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істеуде»,-деді С.Евдокимова.

Отбасылық тәрбие институты тұрақты түрде ата-аналар конференцияларын ұйымдастырады, олар әрине ата-аналардың балалармен қарым-қатынастарын жетілдіреді. 3 жыл ішінде институт тарапынан Астана қаласының 5 мыңнан астам ата-аналары оқытылды.     

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика