Білім беру

Ақпараттық технологиялар университетіне бакалавриат үшін шамамен 500 грант бөлінді (ВИДЕО)

Ақпараттық технологиялар университетінен бакалавриат үшін шамамен 500 грант бөлінді, деп мәлімдеді «Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті»АҚ вице-президенті Ескендір Әлиев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Казахстан 27 Шілде, 14:32

«Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті  2009 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен құрылған болатын. Мұндағы мамандықтар ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты. Оқу орнында «ақпараттық жүйелер», «есептік технология және бағдарламалық қамтамасыз ету»,  «информатика», «ІТ-дегі менеджмент», «ІТ-дегі қаржы», «электронды журналистика», «радиотехника, электроника мен телекоммуникация», «математикалық компьютерлік үлгілеу» сынды мамандықтар бар және «ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» мамандығы ашылуда», – деді Е. Әлиев.

Бұдан басқа, оның айтуынша iCarnegie бизнес мектебі - білім беру саласындағы негізгі серіктеспен келісім жасалды. Ол Петербургтегі Сarnegie Mellon (АҚШ) университетінің құрылымдық бөлімі.

«Бакалавриаттың шамамен 90% ағылшын тілінде білім алуда. 2015 жылы біздің университетіміз үшін 500 грант бөлінді», – деді ол.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика