Басқару

Энергетика министрлігі: Геологиялық барлау жүргізетін инвесторларға салық жеңілдіктері жасалады

Геологиялық зерттеулер мен іздеу және барлау жұмыстары үшін Қазақстанда салықтық жеңілдіктер жасау көзделуде, сонымен қатар әкімшілік кедергілерді жою мен қысқарту жоспарланып отыр, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы27 Шілде , 12:59

1996-2014 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына кететін шығындар шаршы километріне 3 долларды құрайтын. Олардың онға жуық пайызы Қазақстанның аз зерттелген аймақтарына жұмсалатын. Осының салдарына соңғы 10 жылда бізде мұнай мен газдың ірі кеніштер ашылған жоқ.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы тарапынан инвестицияларды ынталандыруы мен олардың ағынын күшейту үшін геологиялық зерттеу мен барлау жұмыстары бойынша салықтық жеңілдіктер жасап, әкімшілік кедергілерді жою мен оңтайландыру жоспарлануда. Бұған қоса, кенішті дайындау мен оның күрделілігіне байланысты жеңілдіктер мен басымдықтар беру арқылы салық салуға теңдестірілген үлгі енгізу жоспарлануда. Бұл жұмыс қорытындысы бойынша инвесторларға мүмкін болса кеніштерді ашып, пайда табуға мүмкіндік тудыру мақсатында жасалып отыр»,-деді Ұзақбай Қарабалин.   

«Мемлекеттік органдар арасындай осындай жұмыстар жүргізілуде. «Еуразия» сияқты жобада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекет пен жеке иеліктің әріптестік негізінде консорциум құрып, одан әрі 2016-2021 жылдар аралығындағы бағдарламаларды орындау көзделіп отыр. Бұған қоса, 2015-2016 жылдарға бағытталған Жер қойнауын пайдалану Кодексін дайындау көзделген.  Қазіргі таңда Салық кодексіне геологиялық зерттеу жүргізу мен іздеу, барлау жұмыстарын жүргізуде салықтық жеңілдіктер енгізу мәселелері бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылуда»,-деді вице-министр.     

Айта кететін мәселе, аталған реформалардың арқасында геологиялық бақылау жұмыстарына алдыңғы қатарлы технологиялар мен трансферттерді тарту, мұнай мен газдың болашағынан үміт күттіретін бағыттарын анықтау, инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасау, мұнай, газ бен онымен байланысты экономика салаларын, сервистік және оған қосымша инфрақұрылымдарды, дәлелденген, алынатын қорларды алуды кемінде екі есе арттыруға қол жеткізілмек.  

Анар Тәңірқұлова  

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика