Басқару

ҚР жер қойнауын пайдалану саласында CRISCO мен SPE-PRMS бұқаралық есептілік жөніндегі халықаралық стандарттарға көшеді

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында CRISCO мен SPE-PRMS бұқаралық есептілік жөніндегі халықаралық стандартына көшу өткізіледі, нәтижесінде минералды шикізат кешенінің инвестициялық тартымдылығы артады, деп хабарлады ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Казахстан27 Шілде , 12:23

ҚР ЭМ құзыреті аясында Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында мұнай газ саласында нақты салмақты қадамдар жасау қарастырылған. Атап айтар болсақ, 74 қадамды орындау жолында «CRISCO  қатты пайдалы қазбаларды пайдалану бұқаралық есептілік жөніндегі халықаралық стандарт жүйесін енгізу арқылы мұнай газ саласының ашқытығы артады».

«ҚР минералды-шикізат кешені геологиялық барлау жұмыстарын арттыру арқылы қолдауға ие болып отыр. Оның үстіне осындай жұмыстарды қаржыландырудың негізгі көзі халықаралық нарық капиталы. Геологиялық барлау барысында инвестициялық әлеуетті салалар мен тәуекелдерді анықтау жолында инвесторлар халықаралық «Реестр ROPO» кіретін тәуелсіз аудитке жүгінеді», – деді Ұ. Қарабалин.

Оның айтуынша, Қазақстанда бірінші кезекті үш негізгі мәселені шешу керек.

«Біріншіден ағымдағы жылдың ішінде қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша CRISCO бұқаралық есептілік жөніндегі халықаралық стандарттарға көшу керек және Қазақстанның ұлттық CRISCO ұйымын құрған жөн. Екіншіден, 2018 жылы Қазақстанда ұлттық SPE-PRMS ұйымын құру арқылы SPE-PRMS көмірсутек шикізаттарын пайдалану бойынша бұқаралық есептілік жөніндегі халықаралық стандарттарға ауысу жоспарланған. Үшіншіден,  мамандарды аталмыш салалар бойынша есепті даярлауға оқыту көзделген, жүзеге асыру мерзімі 2015–2017 жылдар», – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика