Өңірлер

Алматы әкімдігі қалалық ІІД-не 97 автокөлік алу үшін 501 млн теңге бөледі

Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Ішкі істер департаментіңнің 2015 жылдың жартыжылдығында атқарған қызметтерінің қорытындысына байланысты мәжіліс өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы27 Шілде , 15:03

Қалалық Ішкі істер дапертаментінің бастығы Серік Күдербаевтың айтуынша, қаладағы қылмыстық жағдай бақылауда. Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен оны басқару - 33,3 пайызға, бопсалау - 9,5 пайызға, көлікті иеленіп кету - 9,3 пайызға, тонау - 6,3 пайызға, пәтерге ұры түсу жағдайлары – 4,4 пайызға кеміді. Ұйымдасқан қылмыстық топтар тарапынан жасалған 232 қылмыс ашылды. 

Жедел-іздестіру жұмыстарының барысында қылмыстық жауапқа ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында есепте тұрған 28 азамат жауапқа тартылды. 

Алматы әкімі А.Есімов қаланың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қаржы, полицияны қаржыландыруға жетілдіруге жеткілікті екендігін атап өтті. Соңғы 3 жылда қалалық ІІД-ін қаржыландыру үшін 55 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 6,9 млрд теңге материалдық-техникалық жабдықтауға берілген.  

«Қаржылық қолдау мен материалдық-техникалық жабдықтаудың арқасында ішкі істер органдарының өкілдеріне қылмысқа қарсы тұру мен қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Алайда, біз осымен ғана шектеліп қалмай, жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені қолдана отырып, тиімді тәсілдерді енгізуіміз қажет. Кез-келген мегаполистің имиджі оның қала халқының тұрғындарымен қатар, оның қонақтарының қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету деңгейімен байланысты»,-деді А.Есімов.     

Қала басшысының сөзінше, қалалық ІІД-нің бюджеті 20,1 млрд теңге көлемінде бекітілген, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,7 млрд теңгеге көп. Бұл соманың 12,4 млрд теңгесі немесе 64 пайызы қалалық бюджеттен бөлінген. 2013-2014 жылдары 258 көлік сатып алынған, өз кезегінде бұл көліктер ІІД көлік паркіннің үштен бір бөлігін толықтыруға мүмкіндік берген. Қазіргі таңда қала бюджетінде тағы 97 көлік сатып алу үшін 501 млн теңге бөлу жоспарланған.     

   

 

 




Яндекс.Метрика