Қазақ хандығына 550 жыл

Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ат спорты мерекесі өтті (ФОТО)

Шортанды ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ат спорты мерекесі өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 27 Шілде, 12:34

Шараның ашылу рәсімінде онда жиналған халық пен қонақтарды Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин құттықтады.

«Біздің ауданымызда ат спорты мерекесі өтіп жатыр. Ат жарысына тек біздің облысымыздан ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласынан спортшылар келді. Жеңімпаздарды құнды сыйлықтар күтіп тұр. Мерекелеріңізбен құттықтаймын, бақыт пен сәттілік, спортшыларға жеңіс тілеймін!»,-деді Е.Мұхамедин.  

Мерекеге жиналғандар, 7 километрге жіберілген бәйгені, құнан-бәйге, тоқ-бәйге, аламан-бәйге сияқты ат жарыстары мен  көкпар, аударыспақ, қыз қуу сияқты ойын түрлерін тамашалады.    

 





Яндекс.Метрика