Білім беру

Алматы әкімдігі AlmaU-да білім алуға екі әлеуметтік грант бөлді

Алматы қаласының әкімдігі Almaty Management University білім алу үшін мүмкіндігі шектеулі түлектерге екі жалпы білім алу гранттын берді. Бұл оқу ордасы Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдай алатын жалғыз оқу орны, деп хабарлады AlmaU баспасөз қызметі.
Алматы қаласы27 Шілде , 12:06

Академиялық мәселелер бойынша оқу орнының проректоры Нұржамал Дүйсенғұлова атап өткендей, AlmaU-да мүгедектерге МВА мен бакалавриатта білім алу үшін гранттар бөлінеді – бүгінде мұнда 13-15 кембағал жан білім алуда.

ҚР БҒМ мәліметі бойынша, 2012 жылы елімізде 65 844 жарым жан бала бар (0–17 жас),  бұл 2005 жылы тіркелген мүгедектігі бар 45 118 баладан 31%-ға артық. Осы ретте үйде білім алған балалардың саны 2012 жылы 7 923 баланы құрады.

AlmaU  жағары бизнес мектебінің деканы Гүлнар Күренкеева оқу орнының әлеуметтік мүмкіндіктері мен «Шектеусіз мүмкіндіктер» байқау-жобасы туралы айтып берді. Жобаға 8 адам қатысып, МВА бағдарламасы бойынша білім алуға жеңілдіктер мен гранттарға ие болған. 




Яндекс.Метрика