ҚР ИИДМБ

А. Рау: Резервті бір жерге жұмылдырып, барлық күшті болашағы зор жобаларға жұмсауымыз керек

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау Қостанай облысына сапары барысында Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне келді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қостанай27 Шілде , 11:37

Кездесуде Альберт Рау Ел Президентінің тікелей басшылығымен қолға алынған бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы қабылдаған барлық құжаттар Қазақстанның экономикалық және саяси ұстанымын нығайтып, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.

«Биыл Қазақстан ҮИИД бағдарламасының екінші бесжылдығына қадам басты. Қазір бірінші бесжылдықтың жоспары түгелімен орындалғанын нық сеніммен айта аламыз. Оның ішінде ССКӨБ ұжымының атқарған ісі ауқымды. Кәсіпорын бірнеше инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы Қостанай өңірінің экономикасына оң серпін берді», - деп атап өтті Альберт Рау.

«Жаңа экономикалық жағдайда Ел Президенті тау-кен-металлургия кешеніне өнім шығарудың ең жоғары сатысына көтеруді міндеттейді. Осыған орай ыстық брикеттелген темір шығаратын зауыттың құрылысы күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Жасыратыны жоқ, кәсіпорындағы жағдай мәз емес. Бүгінгі таңда Министрлік Еуразиялық Топ пен ССКӨБ басшылығымен бірлесіп дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеген. Сондықтан қолға алынған шаралар кешені ең алдымен кәсіпорындағы жағдайды тұрақтандырып, оның одан әрі дамуына негізделген. Біз резервті бір жерге жұмылдырып, барлық қаражат пен күшті болашағы зор жобаларға жұмсауымыз керек, - деп жалғастырды вице-министр.

«Кәсіпорын ұжымы елдегі реформалардың барлығына белсене қатысады. Бүгін біз кәсіпорында үлкен жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Атап айтсақ, тау-кен ісіне байланысты жаңаша әзірлемелер дайындап, байыту кешенін қайта құрып, еңбекті қорғау мен барлық бағыттар бойынша өнімнің өзінің құнын төмендету бойынша жаңа жүйе енгізіп отырмыз. Кәсіпорын ұжымы жаңа жобаларды жүзеге асыруға әрдайым дайын, - деп сендірді «ССКӨБ» президенті Береке Мұхаметқалиев.




Яндекс.Метрика