Өңірлер

Маңғыстау облысында алғашқы жартыжылдықта табиғи газ өндіру 16,8 пайызға артты

Маңғыстау облысында 2015 жылдың бірінші жартысында табиғи газ өндіру жұмыстары 16,8 пайызға артты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау27 Шілде , 11:24

«Маңғыстау облысында өңірлік жалпы өнім көлемі бір адамға шаққанда республика бойынша 4-ші орында тұр. Осылайша, өңірлік жалпы өнім көлемі 744 мың теңгені құрады, бұл ретте республика бойынша орташа көрсеткіш 472,8 мың теңге. ӨЖӨ-нің нақты өсімі 2015 жылдың бірінші тоқсанында 103,7 пайызды құрады, бұл 453,2 млрд теңге деген сөз. 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қазіргі қолданыстағы бағамен 772,5 млрд теңгенің өнімдерін шығарды. Өнеркәсіп өнімінің  нақты көлемі 98,4 пайызды құрады»,-делінген хабарламада.

Өсім азық-түлік өнімдері мен өзге де металдық емес өнімдерде 1,6 пайызға, резина пластмасса өнімдерінде 1,2 пайызға, былғары және оған жататын өнімдерде 16,1 пайызға, тағам өнімдерінде 20,3 пайызға, химия өнеркәсібінде 1,7 пайызға артқандығы байқалған.    

«Маңғыстау облысында бірінші жартыжылдықта мұнай 9,2 млн тонна көлемінде немесе 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,7 пайызға өндірілген. Табиғи газ өндіру 16,8 пайызға артып, 1173,3 млн текше метрді құрады. Қайта өңдеу өнеркәсібінде жартыжылдықта 41,3 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Нақты индекс көлемі 101,6 пайызды құрады»,-деді Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі.   

 




Яндекс.Метрика