Өңірлер

Биыл ҚазАгро көктемгі-егіс және жинау жұмыстарына 100,6 млрд теңге бағыттайды

Жалпы Қазақстандағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 100,6 млрд. теңге бағыттады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.
Казахстан 27 Шілде, 10:38

Республиканың оңтүстік аймақтарында егін жинау науқанының нағыз қызған кезі. Мамандардың бағалауы бойынша дәнді дақылдарды жинаудың қарқыны Оңтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалады,  әзірге Қызылорда облысының аграрлары белсенділік танытпай отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтері бойынша 23 шілдедегі жағдай бойынша ОҚО-да 72% алаңда дәнді дақылдар  жиналды, 66,9% алаңдағы дақылдың 234,8 мың тоннасы бастырылды,  Жамбыл облысында 66,9% алаңдағы дақылдың  243,6 мың тоннасы бастырылды.  Қызылорда облысында 0,4% алаңда дәнді дақылдар жиналды.

Аймақтағы өнімнің жақсы түрлерін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың қатарында -  егістік жұмыстарына дайындық кезеңінің өзінде жүзеге асырылатын шаруашылықтар мен аграрлық құрылымдарды дер кезінде қаржылық қолдау болып табылады. Жалпы Қазақстандағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен   100,6 млрд. теңге бағытталатынын атап өту қажет. Бұл көлем холдингтің егістікті және жинау науқандарын қаржыландыруының өткен жылғы деңгейінен  16%-ға артық. 

Осы ретте қаржыландыру кезінде негізгі күш шағын және орта шаруашылықтарға жасалады. Мысалы, егер 2015 жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингі тобымен агроөнеркәсіп кешенін несиелеудің жалпы сомасы 118,3 млрд. теңгені құраған болса, шағын және орта бизнестің үлесі 104,5 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы көлемнің 88%-ы.  Оңтүстік-Қазақстан облысында ШОБ несиелеудің үлесі 97%-ды құрайды немесе бұл 8,7 млрд. теңге. Жамбыл облысында  - 81% (2,9 млд. теңге),  Қызылорда оьлысында - 84% (3,6 млрд. теңге).

2015 жылғы егін егу және жинау науқанын жүргізу шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің компаниялары өңірдің үш облысының шаруашылықтарының өтінімдерін 941,1 млн. теңгеден астам сомаға қаржыландырды, оның ішінде 507,5 млн. теңгесі ОҚО шаруашылықтарына, 158,5 млн. теңгесі  - Жамбыл облысына, 281,1 млн. теңгесі – Қызылорда облысына тиесілі.

Жылдың басынан бастап Оңтүстік-Қазақстан облысының аграрлық құрылымдары мен шаруашылықтарына  ғана Холдингтің еншілес ұйымы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша 165 бірлік түрлі ауылшаруашылық, топырақты өңдейтін және арнаулы техникалар жеткізілді.

Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында, өткен жылғы сияқты «ҚазАгро» холдингімен кейіннен олар ауылшаруашылық тауарөндірушілерін несиелеуі үшін ЕДБ қорландыру құралы қолданылды.  Бағдарламаға қатысатын банктердің саны  өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті – 4-тен 8-ге дейін. Олар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі  33,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні 100% қаражат игерілді.

Жалпы Қазақстан бойынша қазіргі күні несиелеу бағдарламалары бойынша 66,6 млрд. теңге сомасына қаржыландыруға ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 3 255 өтінімі  мақұлданды (2 242 өтінім, 58,3 млрд. теңге), 66,1 млрд. теңгеге 3 220 өтінім қаржыландырылды (2 242 өтінім, 58,3 млрд. теңге). Егістік алаңының жалпы қамтылуы                 6,3 млн. га. құрайды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 17%-ға жоғары.

2015 жылдың 17 шілдедегі мәліметтері бойынша «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен 10,3 млрд.теңге сомасына лизингке 1 287 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алу қаржыландырылды.  Егін жинайтын техника бойынша жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгеге 1 266  комбайнды сатып алуға өтінімдер қабылданды,  жиынтық сомасы 7 млрд.теңгеге 937 комбайнға қаржы лизингі шарттары жасалды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.





Яндекс.Метрика