Экология

БҚО-да Қазақстан мен Ресейдің бірлескен экологиялық экспедициясы басталды

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ХІХ тарихи-мәдени, экологиялық, спорттық "Жайық - достық өзені" экспедициясы сапарға шығар алдында Жеңіс алаңына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады ҚХА.
Батыс Қазақстан27 Шілде , 10:23

«Жайық өзені бойымен Батыс Қазақстан облысының аумағын қамтитын бұл маршрут Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған», - делінген хабарламада.

 170 шақырымды құрайтын жорық 24-шілде күні Бөрлі ауданының Приуральный ауылынан басталып, 29 шілдеде Орал қаласында аяқталады деп жоспарлануда.

Құрамында Батыс Қазақстан мен Орынбор облыстарының мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар ұйымдары, депутаттар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ғалым-жазушылар мен журналистер, барлығы 70 адам жасақталған. 
Орал қаласының әкімі А. Көлгінов жорыққа аттанушыларға ақжолтай тілеп, сапарға шығарып  салды. 




Яндекс.Метрика