Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

ҚР соттарына жыл басынан бері келіп түскен барлық талап арыздардың 36,5 % – электронды түрде жолданған

Ағымдағы жылдың 6 айында республика соттарына 334 260 талап арыз келіп түсті, соның ішінде 121 957-сі электронды түрде берілді, бұл барлық келіп түскен құжаттардың 36,5 %-ын құрайды, деп хабарлады ҚР Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Казахстан27 Шілде , 10:06

Интернет-ресурста қолжетімді негізгі сервистердің бірі – «Сот кабинеті» сервисі.«Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне қол жеткізуге бағытталған бірыңғай терезе. Осы сервис арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокаты өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағым  және наразылықты электронды түрде жолдап, мемлекеттік баж салығын онлайн-режимде төлеп, сот құжаттарын, сондай-ақ істің орындалу барысын көріп, сот актісін басып шығара алады, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалап отыруға мүмкіндік берілген.

««Сот кабинеті» сервисі енгізілген мезеттен бастап халық оның қолайлылығына өз бағасын берді. Бұған пайдаланушылар санының тұрақты өсуі куәлік етеді. Егер 2014 жылмен (маусымнан бастап 6 айда – 105 707) салыстырсақ, 2015 жылдың 6 айында 143 450 құжат келіп түскен, соның ішінде 121 957 талап арыз және 281-і қадағалау тәртібіндегі өтініштер, 2 172-сі апелляциялық және 683-і кассациялық шағымдар, 18 357 өтініштер мен басқа да арыздар», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 6 айында республика соттарына 334 260 талап арыз келіп түсті, соның ішінде 121 957-сі электронды түрде берілді, бұл барлық келіп түскен құжаттардың 36,5 %-ын құрайды.

Осы деңгеймен тоқталмай Жоғарғы Сот осы жылдың маусым айынан бастап Астана қ. ауданаралық әкімшілік соты және Астана қ. ІІМ ӘПБ арасында сотқа әкімшілік істерді электронды түрде «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау бөлігінде электрондық ақпараттық өзара әрекет ету жобасын іске қосты.

Осылайша, пилоттық жобаның басынан бастап ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін ішкі істер органдары (әкімшілік полиция) нақты қарау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы Астана қ. ІІМ ӘПБ-дан электронды нұсқадағы 61 әкімшілік материалды жолдады.

Осы жобаны іске асырудың мақсаты электронды өзара әрекет етуді толықтай жүзеге асыру, ӘПБ және сот жүйесі қызметкерлерінің байланысын болдырмау, пошталық шығындарға кететін бюджет қаражатын үнемдеу, тараптардың электрондық бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі мен жеделдігі, сондай-ақ әкімшілік істердің толық электрондық мұрағатын құру.

Сот төрелігін электрондық қамтамасыз ету қағаз түріндегі құжат айналымынан ауысуды және соттарда электрондық істер және мұрағаттарды қалыптастыруды білдіретінін ескеріп, Жоғарғы Сот соттар мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара әрекет етуді оңтайландыру және автоматтандыру үрдісін жалғастыра беретін болады. 

 




Яндекс.Метрика