Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Қызылорда облысында тұмау мен ЖРТИ ауруларына шалдығу үштен бірге қысқарды

Өткен жылмен салыстырғанда Қызылорда облысында ЖРВИ мен тұмауға шалдығу көрсеткіші 32,3%-ға төмендеген, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Қызылорда облыстың мемлекеттік санэпидбақылау департаментіне сілтеме жасай отырып.
Қызылорда22 Қазан , 17:00

Облыс эпидемиологтарының мәліметінше, 2013 жылдың 9 айында жедел респираторлы вирус инфекциясы мен тұмауға шалдыққан 13,7 мың оқиға тіркелген. Солардың 78 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

«Тұмаудан сақтанудың ең ұтымды жолы вакцинация болып табылады. Тұмауға қарсы вакцина алу үшін жергілікті бюджеттен бөлінген 27,8 млн теңгеге 40,8 мың мөлшер вакцина алынған», - делінген хабарламада.

Бүгінге дейін өңірде аталмыш ауруға шалдығу қаупі жоғары қарттар, өкпе ауруы және жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын ересектер мен балалар және денсаулық сақтау қызметкерлеріне вакцина егілді. 




Яндекс.Метрика