Адами капитал

Қазақстанның аэроұтқыр әскерінің десант биатлоны бойынша сайыс қорытындысы шығарылды (ФОТО)

Бірінші орынға Қазақстан Аэроұтқыр әскерлері әскери бөлімдерінің үлгілі парашюттік-десанттық (десанттық-шабуылдау) бөлімшелері бақ сынасты. Нәтижесінде 32363 әскери бөлімінің командасы жеңіске жетті. Бірінші орынмен қатар ол жарыста Аэроұтқыр әскерлерінің ең мықты және жауынгерлік қабілетті құрметті атағына ие болды. «Бұл дода Аэроұтқыр әскерлері әскери қызметшілерінің жауынгерлік әзірлігін тағы бір мәрте көрсетті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 25 Шілде, 15:06

Барлықтарыңыз аталған әскер тегі міндеттерін жақсы орындайтынын, оқу және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға ұдайы әзірлікте болатынын дәлелдедіңіздер» - деп атап өтті ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов. Десант биатлоны шілденің 20-ы мен 25-і аралығында 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасының базасында өткізілді. Алты күндік жарыс ішінде қатысушылар бірқатар сынақтардан өтті.

Атап айтқанда, десанттық парашюттерді төсеу, бағдарлау және әскери топография, әскери-медициналық дайындық, АК-74-тен оқ ату, «Атлетизм. Табандылық. Алғырлық» кедергілер жолағы, кәсіби жауынгерлік тапсырма, түнгі рейд пен жүгіру нормативтері. Сайыс барысын Үндістан Қарулы Күштерінің өкілдері қадағалады. Олар әскери қызметшілеріміздің теориялық және практикалық дайындық деңгейін жоғары бағалады.  





Яндекс.Метрика