Өңірлер

Д. Жумин: 5 айда Астанаға 14 мыңнан астам адам көшіп келді

Биылғы жылдың тек қаңтар-мамыр айлары аралығында ғана елордаға 14 мың адам көшіп келді, деп хабарлады «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы Кеңесінің төрағасы Данат Жумин #Talks2050 «Астана: үй-қала vs қала-витрина» атты форум барысында.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 12:26

«Астана әкімдігінің мәліметтері бойынша, қалада 1 млн адам тұрып жатыр, яғни 300-400 мыңға жуық адам тіркелмей тұруда, олардың бұдан да көп болуы мүмкін. Азаматтардың 80 пайызы оң жағалауда Алматы және Сарыарқа аудандарында тұрып жатыр, тек 15-20 пайызы ғана сол жағалаудағы «Есіл» ауданына қоныстанған»,-деді Данат Жумин.  

Оның сөзінше, Астанаға жылына шамамен алғанда 20-40 мың адам келеді.  

«Тек биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ғана  Астанаға 14 мың 326 адам көшіп келді. Олардың басым көпшілігі немесе 17 пайызы Ақмола облысына келді, Оңтүстік Қазақстан облысынан 15 пайыз азаматтар келген, одан әрі бұл тізімді Алматы мен қарағанды тұрғындары толықтырады»,-деді Д.Жумин.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика