Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда пауэрлифтингтен өтетін чемпионат Рио-2016 ойындарына іріктеу шараларының соңғысы болып табылады

Қазақстанды мүмкіндігі шектеулі жандар арасында пауэрлифтингтен өтетін ашық Азия чемпионаты ашылды және ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Параолимпиада ойындарының іріктеу жарыстарының соңғысы. Бұл туралы пауэрлифтингтен Халықаралық параолимпиада комитетінің техникалық төрағасы Джон Амос ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Казахстан25 Шілде , 11:57

«Мен Қазақстанда параолимпиадалық спорттың дамуын ерекше атап өткім келеді. Бізге Параолимпиада комитетінің және Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетінің өкілдерімен кездесу мәртебесі берілді. Бізді мұнда құшақ жая қарсы алды және біз Қазақстанның болашақты расында да болжай білетіндігін көріп отырмыз»,-деді Д.Амос.   

Оның сөзінше, Қазақстанда өтетін бәсекеге 2015 жылдың күн тәртібінде тұрған ең үлкен шаралардың бірі.

«Қазақстанда біз осы спорт түрін дамытуды көздеп отырмыз және пауэрлифтинг жалпы жүйедегі ең ірі спорт түрлерінің бірі. Азия өңірінің біздің спортымыздың ең ірі қатысушыларының бірі болып отырғандығында күмән жоқ. Статистиканы алатын болсақ, тағы да сол мықты спортшылар тұрып жатқан аймақ тағы да сол Азия болып табылады»,-деді ол.

Бұған қоса Д.Амос аталған чемпионаттың Рио-2016 ойындарына іріктеу жарыстарының соңғысы болып табылатындығын атап өтті.  

Индира Кауметова

 

 

 




Яндекс.Метрика