Өңірлер

ҚР ҚК әскерлері Алматы тұрғындарына Қарғалы өзенінің сағасын тазалауға көмектесуде

Алматыдағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін таң сәріде Алматы гарнизонының 327 әскери қызметшісі Қарғалы аулына келді.
Алматы қаласы25 Шілде , 16:03

«Жеке құрам төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қажетті арнайы техникамен қамтамасыз етілген. Әскери қызметшілер су басқан тұрғын үйлер мен алаңдарды тазалауда. Бізден талап еткен кез-келген көмекті көрсетуге дайынбыз», - деді ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Еркін Алашбеков.

Қажеттілік орын алған жағдайда  жеке құрам төтенше жағдайдың нақ ортасында қалып қойған адамдарды тамақтандыру үшін осы жерде далалық асхана өрістетуге дайын. Естеріңізге сала кетсек, Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің арнасынан асуына байланысты Қарағайлы және Таусамалы шағын аудандары ішінара суда қалып қойды. Нәтижесінде Алматы қаласына қарасты Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандарының тұрғын үйлері зардап шекті. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, барлығы 900 адам табиғи апат орнынан көшірілді. Бүгінгі күні Алматыда төтенше жағдайлар режімі сақталып тұрғанын айта кеткен жөн. Осы орайда Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері сел тасқыны залал келтіретін орталықта қалып қойған жергілікті тұрғындарға қол ұшын беруде.


 




Яндекс.Метрика