Басқару

«Қазақстан-2050»: Елді дамыту жекелеген қалаларды дамытудан басталады

«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Астанада «Астана: қала-үй vs қала-витрина» атты #Talks2050 форумын ұйымдаструда. #Talks 2050 - TED конференция форматындағы бейресми форум.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 11:34

«Аталған форумның тақырыбы «Астана: қала-үй vs қала-витрина». Бұл қандай мағынаны білдіреді? Астана ондағы азаматтардың басым бөлігін елдің өзге аймақтарынан келгендер құрайтын қала. Аталған форумның басты мақсаты – біз өзімізді кім деп сезінеміз, Астананың дамуы үшін не істеу керек, біз оған қалай қараймыз, біз оны дамытуға қатысып отырмыз ба?- деген мәселені түсіну. Біз бүгін Астана кімнің қаласы екенін, болашақта елордамыздан нені күтеміз деген мәселені түсіну үшін жиналып отырмыз. «Қазақстан-2050» қозғалысының басты мақсаты – дамыған мемлекет, дамыған Қазақстан. Елдің дамуы әрбір қаланың, облыстың, ауылдың дамуынан басталады. Бүгін біз осы форум аясында Астананың дамуын сөз етеміз»,-деді «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы Кеңесінің төрағасы Данат Жумин.      

Ұйымдастырушының айтуынша, іс-шараның мақсаты қаланың дамуы туралы ашық әңгіме айту.  

«Бұл Астанада өтіп жатқан екінші форум, оның алдындағысы Атырауда өткен болатын. Біз Батыс Қазақстан үшін қарапайым ғана және бірмезгілде өте маңызды болып табылатын мәселені талқыладық. Баршаға мәлім, Батыс өңірі мұнай шығаратын аймақ болып есептеледі, бүгінде мұнай бағасы құлдырауда, осы мәселе және баламалы энергия көздерін дамыту көптеген сауалдар туындатады»,-деді Д.Жумин.        

Ескерте кетейік, «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы осы сияқты шараларды Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент пен Өскемен қалаларында да өткізбек.   

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика