Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі спортшылардың арасында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі спортшылардың арасында ашық Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Казахстан25 Шілде , 10:32

Қазақстанда алғаш рет тірек-қимыл аппараттары зақымданған азаматтар арасында пауэрлифтингтен ашық чемпионат өтеді. «Біз қимыл мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионатын елімізде тұңғыш рет өткізіп отырмыз. Жалпы алғанда, соңғы уақытта бізде барлық жақын орналасқан мемлекеттердегідей инклюзивті спортқа ерекше көңіл бөлінуде»,-деді Е.Қанағатов.     

Оның сөзінше, министрлік тарапынан елде спорттың дамуы үшін барлық шаралар жүзеге асырылуда. 

«Бүгінде біздің елде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі спортшы бар. Біз оларды барлығын мүмкіндігінше көбірек тартутымыз керек. Спортпен айналысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Алайда біз бұл көрсеткіштерге риза емеспіз, 2 пайыз бүгінгіден де көбеюі керек және біз бұл мәселеге көбірек көңіл бөліп, жергілікті жерлерде қажетті шарттар қалыптастыруымыз керек»,-деді ол.

Е.Қанағатов бұл шараның өте маңызды екендігін атап өтті, өйткені оның нәтижесі бойынша Рио-де Жанейрода өтетін Параолимпиада ойындарының лицензиялары беріледі. Аталған чемпионатқа қатысу үшін әлемнің 30 мемлекетінен спортшылар келді.     

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика