Білім беру

Астанада «Мектепке жол» акциясы өтеді

Астанада 2015 жылдың 1-тамызы мен 30-қыркүйегі аралығында Балаларға бірге көмектесейік!» атты ұранмен жыл сайынғы кең ауқымды «Мектепке жол» акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 13:46

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылы басталардың алдында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларға қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар, акция балалардың әлеуметтік себеп-салдар бойынша мектепке бармай қалу жағдайларын анықтайды.    

Акция аясында «Бірінші рет бірінші сыныпқа» атты қайрымдылық шарасы өтіп, жағдайы қиын отбасынан шыққан, бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетіліп, «Мейірімді алақан» акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арнап, мектепке қажетті заттарды жинау үшін ірі сауда үйлерінде арнайы контейнерлер орнатылады. Осы сияқты қолдаулар «Отбасы отбасына көмектеседі: баланы мектепке дайындайық» атты акция аясында да жүзеге асырылады.

Айта кететін мәселе, биылғы жылдың 22-23 тамызы аралығында әкімдік алдындағы орталық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтеді, онда мектепке қажетті заттардың барлығын алуға болады.   

 




Яндекс.Метрика