Өңірлер

Астана тұрғындарының саны 861 мың 968 адамды құрайды – ҚР ҰЭМ

Астана қаласы тұрғындарының саны 2015 жылдың 1-маусымындағы жағдай бойынша, 861 мың 968 адамды құрады, соның ішінде Алматы ауданы бойынша – 380 мың 856 адам (44,2 пайыз), «Есіл» ауданы бойынша 131 мың 449 адам (15,2 пайыз), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 349 мың 663 адам (40,6 пайыз), деді ҰЭМ-нің Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан27 Шілде , 08:52

2015 жылдың басындағы уақытпен салыстырғанда Астана тұрғындарының саны 9 мың 89 адамға ұлғайды, соның ішінде Алматы ауданы бойынша 1 мың 2 адамға, Есіл ауданы бойынша 4 мың 621 адамға, Сарыарқа ауданы бойынша 3 мың 463 адамға көбейді.

Айта кететін мәселе, 2015 жылдың қаңтар айы бойынша, тұрғындардың табиғи өсімі 8 мың 530 адамды құрады, көші-қон бойынша өсім 556 адам. 

2015 жылдың қаңтар айына Астанада барлығы 10 мың 128 адам туылған, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,6 пайызға көп. Бұл ретте тұрғындардың табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 4,9 пайызға өсіп, 8 мың 530 адамды құрады.    

«АХАЖ органдарында тіркелген неке қиған азаматтар саны 2015 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,4 пайыз болды, ажырасулар саны 10,3 пайызға артты»,-деленген хабарламада.  

 




Яндекс.Метрика