Қызылордалық ҒЗИ-ның ғалымдары күріш дақылдарын суарудың жаңа тәсілін тапты

Қызылорданың Ы.Жақаев атындағы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары күріштің жаңа түрін ойлап тапты. Бұл олардың жалғыз жаңалықтары емес. Қызылордалық ғалымдар күріш дақылдарын суарудың жаңа тәсілін де ойлап тапты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қызылорда27 Шілде , 08:34

Қызылордалық ғалымдар селекция үдерісін ұдайы жетілдіріп отырады. Өздерінің тәжірибе алаңдарында - Қарауылтөбе ауылдық округінде күріштің жаңа сұрыптарын ойлап табу жұмыстарын жүргізуде. Олар «Кураж» және қазақстандық «Элита» сұрыптарын будандастыру арқылы жаңа жоғары сапалы өнім шығарды. Жаңа сұрыпқа «Ару» деген атау берілді.    

«Жаңа сұрыпты сынау бірнеше айға созылды. Ал нәтижесі көңіл толтырады. Біздің ауа райымызға өте лайықты»,-деді ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Әсет Тоқтамысов.

Айта кетейік, ғалымдардың жаңа өнімдері саудаға келесі жылдан бастап шығады. Әзірге белгілісі жаңа сұрып өзгелерден өзінің түсінің ақтығымен және көлемінің ірілігімен ерекшеленеді. Ғалымдардың айтуларынша, ол біздің климатқа айтарлықтай төзімді. Ал оны пісіргенде қандай болатынын әлі анықтау керек.  

Ғалымдардың тағы бір қайталанбас жаңалықтары суарудың жаңа үлгісіне қатысты, яғни суаруда да өте үнемді әрі тиімді.

«Бұл идеяны бізге студент ұсынды. Ал , қызылордалық ғалымдар бұл бастаманы жетілдірді. Ескі доңғалақ қалдықтарынан суару үшін су өтпейтін құбыр дайындады, ол өте тереңдікте емес жерге  көмілді. Осылайша суару үрдісі тұрақты түрде жүргізіліп отырады»,-деді білім беру орталығының жетекшісі Жанұзақ Байманов.   

Осы тәсіл бойынша, су жұмсау көлемі дәстүрлі суару тәсіліне қарағанда, 5 есеге азаяды. Жаңа әдіс – суды сақтайды, үнемдейді және экологиялық жағынан да таза.   

  




Яндекс.Метрика