Басқару

Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануды міндетті түрде құзырлы органдармен келісу керек – ҚР ИДМ

Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануды «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР заңының 31-ші және 32-ші баптарына сәйкес жүзеге асыру қажет, деп хабарлайды ҚР ИДМ-ның Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Казахстан25 Шілде , 14:32

Айта кететін мәселе, қазіргі таңда ұйымдар мен азаматтар ұшқышсыз аппараттарды белсенді пайдалануда. 

Хабарламадан мәлім болғанындай, ұшқышсыз аппараттардың барлық ұшырылуларын құзырлы органдармен келісу керек. Бұл мәселе бойынша тәртіп Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелерімен реттелген. 

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу тәртібі бойынша осы аппараттарға деген құқықтар мен келісімдер және ұшқышсыз аппаратқа деген құқық беретін құжаттардың түрлері Азаматтық авиация тарапынан тіркеледі.     

«Ұшқышсыз аппарат иелеріне нормативті актілердің тәртібін сақтап, оларды құзырлы органдарда міндетті түрде тіркеу керек»,-деленіген хабарламада.  

 




Яндекс.Метрика