Экология

Қазатомөнеркәсіпте атом саласында қалдықтарды басқару жүйесін құру мәселелері қаралды

Астанада өңірлердегі экологиялық жағдайды жетілдіру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамында «Жасыл» экономиканы дамыту аясында атом саласындағы кәсіпорындарда қалдықтарды басқару жүйесін құруға деген көзқарас туралы» атты тақырыпта корпоративті мәжіліс өтті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 12:58

Мәжіліске ұлттық атом компаниясының басшылығы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес және тәуелді компанияларын мен ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты. 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Құнанбаевтың айтуынша, холдингтің кәсіпорындарында қордаланған қалдықтардың басым бөлігінің зияны аз және олар 4-ші және 5-ші дәрежедегі зияны ең аз деңгейлерге жатады. Компанияның жыл бойына шығаратын радиоактивті қалдықтарының көлемі Қазақстанның кәсіпорындарында қордаланатын барлық қалдықтардың шамамен 0,03 пайызын құрайды. МАГАТЭ-ның классификациясы бойынша радиоактивті қалдықтар белсенділігі төмен қалдықтарға жатады және оның үлес салмағы 10кБк/кг төмен.    

«Жасыл» экономика аясындағы атом саласындағы қалдықтарды басқару жүйесін құруға деген кешенді көзқарас туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қанат Мұсапарбеков айтып берді.   

Нақтырақ айтқанда, ол өндіріс барысында жиналатын қалдықтарды қайта өңдеу мен жою экологиялық мәселелерді шешу мен ресурстарды тиімді тұтыну мәселелерін шешуге мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.

Мәжіліске қатысушылар сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2016-2020 жылдарды қамтитын» қалдықтарды басқару жүйесін құру бойынша кешенді әрекеттердің іс-шаралар жоспары» жобасын талқылады. Аталған құжат талаптарында, қалдықтарды басқару жүйесі бойынша бірқатар коропоративті стандарттарды дайындап, өндірісте қалдықтарды қолдану барысында қауіпсіздіктің деңгейін арттыру мәселелері қарастырылған. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика