Қазақ хандығына 550 жыл

Б. Сапарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығын патриотизм мен мемлекеттілікті нығайтатындай етіп өткізу маңызды

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, онда Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өту шараларына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Жамбыл25 Шілде , 11:03

Таразда Үкімет басшысының орынбасары «Қазақ хандығы» монументі орналасқан орында болып, ескерткіштің орналасқан жерінің эскиздерімен танысты. Одан әрі Б.Сапарбаев еліміздің өзге өңірлерінің өкілдері тарапынан салынып жатқан нысандармен танысты. Нақтырақ айтқанда, ол кіреберістегі арқалықтың қайта жөнделуі мен екі барельефтің құрылысын көрді. Бұл бағыттағы жұмыстарды Оңтүстік Қазақстан обылысының өкілдері жүргізуде.

Сонымен қатар, ол Павлодар, Ақтөбе облыстары айналысып жатқан көпірлерді қалпына келтіру барысымен, Атырау облысы айналысып жатқан Тұңғыш Президент саябағының жанындағы алаңдарды абаттандырумен, Маңғыстау облысы жүргізіп жатқан «Тараз» мейрамханасын әрлендіру жұмыстарымен, Солтүстік Қазақстан облысы айналысып жатқан автовокзал маңындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. 

Бұдан соң, Б.Сапарбаев драма театры ғимаратындағы жөндеу жұмыстарын, «Даңқ Аллеясы» құрылысын, Қызылорда мен Қостанай облыстар айналысып жатқан Қарахан баба мавзолейінің абаттандыру жұмыстарын көрді. Сондай-ақ ол «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында да болып, археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарымен музей құрылысымен, этноорталық қызметімен, «Тараз саздары» стелласы және Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы айналысып жатқан «Мыңбұлақ» скверінің абаттандыру шараларымен танысты.    

Тараз Мемлекеттік университетінде Б.Сапарбаев облыс әкімдерінің орынбасарларымен, аудан әкімдерімен, басқарма, аймақтық департаменттер мен оқу орындарының, кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың басшыларымен Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына қатысты мәселелер бойынша мәжіліс өткізді. «Мемлекет басшысы Қазақ хандығының мерейтойына дайындықты орталық және  аймақтық деңгейде уақытында дайындауды тапсырды. Аталмыш шараны жастарға патриоттық тәрбие беретіндей, мемлекеттілікті нығайтатындай етіп өткізу маңызды. Бізге аталмыш нысандарды сапалы әрі уақытында аяқтау қажет. Бұл ретте әкімдіктерге қажетті құралдарды тиімді пайдаланып, демеушілерді тарту керек»,-деді Б.Сапарбаев.  

Тәуліктің екінші жартысында жұмыс сапары Жуалы ауданында жалғасып, онда Б.Сапарбаев «BurnoeSolar» күн стансасының жұмысымен танысып, әлеуметтік, білім беру және спорт нысандарын аралады. Б.Момышұлы музейінде болып, әлеуметтік сала жұмысшыларымен кездесті.  Кездесу барысында Үкімет басшысының орынбасары жаңа оқу жылына дайындықты уақытында аяқтап,  мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу ісіне ерекше назар аударды.  

 

 

 

 




Яндекс.Метрика