Қазақстан бойынша аудандық онкологтар саны 350-ге дейін артты

2012-2016 жылдарға бағытталған ҚР онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикада 101 онкологиялық, 273 мамологиялық және 18 проктологиялық кабинет ашылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы25 Шілде , 15:34

Айта кетейік, Алматыда Қазақстандағы аудандық онкологтар мен маммологтардың II республикалық семинар-кеңесі өтті.

Іс-шараға 330-ға жуық мамандар қатысты. Олар Қазақстанның барлық аймағынан жиналған аудандық онкологтар мен мамологтар, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының денаулық сақтау басқармаларының өкілдері, бас дәрігерлер мен онкологиялық диспансерлердің бас дәрігерлерінің орынбасарлары.       

Онда онкологиялық қызметтердің амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші ұйымдармен ықпалдастығы, онкологиялық мамологиялық, проктологиялық қызметтердің тиімділігі сияқты өзге де өзекті мәселелер қаралады. Бұған қоса, онда скринингтік бағдарламалардың орындалуы, Қазақстанның онкологиялық қызметін бағалау мен оған мониторинг жүргізуді енгізу, сондай-ақ онкологиялық науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жайлары сөз болды. 

«Аудандық онкологтардың бірінші аудандық семинар-кеңесі 2011 жылдың қазан айында Астанада өтті. Ол уақытта іс-шара аясында онкологиялық қызметтерді дамытудың алдағы жылдарға арналған проблемалары мен перспективалары талқыланды.  Қазақстанның  аудандық онкологтары мен мамологтарының II Республикалық семинар-кеңесі өңірлердегі отандық білікті мамандар үшін маңызды оқиға болып табылады. Бастауыш ұйымдар, облыстар мен аудандардың дәрігерлері – республиканың онкологиялық қызметінің іргетасы болып табылады»,-деді елдің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев.   

 

 




Яндекс.Метрика