Инвестициялар

Кентауда 5 млн долларға рудаларды байыту фабрикасы салынып, полиметал конструкциялар өндірісі жолға қойылады

Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Қытай тарапының «Джун-Цзынь» ЖШС және Кентау қаласының әкімдігімен бірге құны 5 млн доллар болатын рудаларды байыту фабрикасын салып, полиметал конструкциялар өндірісін жолға қоймақшы, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан24 Шілде , 20:34

«Палатаның қолдауымен Қытай тарапы Кентау үшін маңызды болып табылатын жобаны жүзеге асыруда алғашқы қадамды жасады. «Джун-Цзынь» ЖШС-нің өкілдері фабрины салатын орынды және өнімдер саудаланылуы мүмкін бағыттарды анықтады. Жоба толығымен жүзеге асса, Кентау қаласының 200 тұрғыны жұмыспен қамтылады»,-деді ОҚО-ның Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов. 

«Джун-Цзынь» ЖШС-ның Бас директоры Ма Вэйдунның айтуынша, инвесторлар үшін тек жер қойнауы ғана емес адам капитал да маңызды болып отыр. Қалада кәсіби металургтер көп тұрады. Олар осы салада ұзақ жылдар тәжірибе жинақтаған, ардагерлер – Кентау көпсалалы колледжінің түлектері. 

Полиметал конструциялар туралы сөз қозғаған Ма Вэйдун өнімдерді жеткізуде ірі қазақстандық компаниялармен келісім жасалғанын айтты, соның ішінде «Қазақмыс» корпорациясымен де. Одан әрі компания Қазақстан аймағында өзге де бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ және олар бойынша да елде жүздеген жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

 

   




Яндекс.Метрика