Инвестициялар

ШҚО-да МАЗ және HOWOөнімдерін шығаратын инвестжоба жүзеге асырылуда

ШҚО-да МАЗ және HOWOөнімдерін шығаратын инвестжоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 24 Шілде, 20:18

Хабарламада айтылғандай, аталмыш инвестициялық жобаны жүзеге асыру өңір үшін үлкен стратегиялық маңызға ие. 200 қосымша жұмыс орны ашылады. Жыл сайын салық төлемдері 300 млн теңгені құрайды.

Бұл туралы «Семей машина жасау зауыты» АҚ директоры Нұрлан Омаров облыс әкімі Даниал Ахметовтың Семейге жасаған жұмыс сапары аясында айтты.

Жұмыс орындарының көбеюін қамтамасыз ету үшін жаңғырту, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпорын базасында МАЗ автотехникасын өндіріп жинауды жүзеге асыру қажет.

 

 

 





Яндекс.Метрика