Президент тапсырмаларының орындалуы

Бас прокуратура ұлттық палатамен бірігіп «Күшті бизнес – мықты Қазақстан» жобасын іске асырады

Біз ұлттық палатамен біріге отырып «Күшті бизнес –мықтыі Қазақстан» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.
Казахстан22 Қазан , 19:25

«Бұл бастаманың мақсаты бизнестің қалыпты дамуына кедергі келтіретін және прокурорлық өкілеттілік пен ұлттық палата ресурстарының нормалары мен заңнамаларды анықтау және осы нормаларды ретке келтіру мен алып тастау. Сонымен қатар, бизнес саласына қызметтік өкілдігін асыра пайдалану мен қысым көрсетуі мүмкін бақылау және тексеру органдарын анықтау», - деді Ж.Асанов.  

Басқаша айтсақ, Мемлекет басшысының ұстанған саясатына сай келетін нақты нормаларды бағалау мен мониторинг жүргізу. Кәсіпкерлердің экономикалық және құқықтық норма ерекшеліктеріне сараптама жүргізу.

Осындай нормалардың қатарында, Бас прокурор атап өткендей, білім беру мекемесінің 100 метрлік айналасына шектеу қою бақылау және тексеріс орындарының қызметін асыру пайдалануына жол ашады.

Ж.Асановтың айтуынша, азаматтардың қауіпсіздігіне зиян келтірмейтін тәуекелі аз жағдайларда кәсіпкерлерді жоспарлы тексерістен босату бойынша жұмыстар қарастырылды.

«Сонымен қатар, рұқсаттама құжаттарын берудің электронды түрін енгізу бойынша кең масштабты жұмыстар жүргізілді. Кәсіпкерліктің өзін-өзі басқару жағдайларын жақсарту мен әлемдік стандарттарға сай келу жағынан техникалық реттеу және салық кодексі жауабын қайта өңдеу туралы жұмыстар жасалды», - деді Ж.Асанов.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика