Адами капитал

Қазақстандық десантшылар Ми-17 тікұшағынан парашютсіз түсуді орындады

Бүгін 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері Астана маңында Ми-17 тікұшағынан арқан арқылы түсуді орындады. Оқу жаттығуын 120 десантшы орындады, бұл ретте оның 60-ы парашютсіз десанттауды алғаш рет орындады.
Казахстан 24 Шілде, 20:03

Десанттық-шабуылдау бригадасында айтқандай мұндай секірулер ұрыс алаңында десанттаудың, жүкті жеткізудің, қол жетпес жерден зардап шеккендерді көшірудің ең жылдам тәсілдерінің бірі болып табылады. Әуе кемесі, бұл жағдайда Ми-17 тікұшағы 10-15 метр биіктікке түсіріледі, шығарылған арқан арқылы әскери қызметшілер бірінен кейін бірі берілген ауданға шоғырланады.

Мұндай түсуді орындау үшін жауынгерлердің дене даярлығы жақсы қалыпта болуы тиіс. Дәрменді қол мен білек, иық, өзінің денесіне толыққанды ие болу, моральдық және психологиялық әзірліксіз арқан бойынша шоғырлану мүмкін емес.  

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасында парашютсіз десанттау 2013 жылдан бастап іс жүзінде сәтті қолданылып жүр. Десантшылар арқанмен немесе парашютпен болсын аптасына бір рет секіреді.  Әрбір жаттығуды жасамас бұрын психологиялық тест және секіру элементтерінің жерүсті пысықтауды тапсырады.

Күрделілік дәрежесі бойынша арқан арқылы түсу қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым түрі жердегі желдің жылдамдығы 10 м/с көп емес дайындалған алаңда күндіз орындалады. Күрделісі орманды жерге, суға, мұзға, теңіз кемесі немесе қайығына, ғимарат шатырына, сондай-ақ түнде желдің жылдамдығы 10 м/с көп болған кезде құтқару керек-жарағымен орындалады.  


 





Яндекс.Метрика