ҚР ИИДМБ

ИИДМБ экономикадағы Қазақстанның одан әрі дамуына мүмкіндік беретін бөлігін жетілдіруде-сарапшы

ИИДМБ экономиканың Қазақстанды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін бөлігіне игі ықпал етуде, саясаттанушы-сарапшы, «Кто есть кто в Казахстане» атты ақпараттық-басылым жобаның жетекшісі Данияр Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Казахстан24 Шілде , 19:32

«Көптеген азаматтар ҮИИБ-ға, оның алғашқы бесжылдығына қатысты сын пікірлерін білдіріп жатады, шындап келгенде олар бағдарламаның жалпы көлемінің 10-15 пайызын қамтитын нысандарға сын айтады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына мемлекет зауыт, электростанция салып, көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, жаңа өндірістер ашып, тек шикізаттық қана емес, қайта өңдеу саласын да жолға қоя алатындығын көрсетті»,-деді сарапшы.

Оның сөзінше, ҮИИД бағдарламасына жиі сын айтады, бірақ аталған құжат әлемдік жағдайдың құбылып тұрған сәтінде экономикадағы елдің дамуына мүмкіндік беретін бөлікті дамытуда.  

«Бізде тәжірибе де, оңды үлгілер де, жұмысқа деген ынта-ықылас та бар, кейде біліктілік жетпей жатады, біліктілік бойынша қатаң бақылау шараларын жүзеге асыру керек»,-деді Д.Әшімбаев.    

Индира Кауметова

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика