Мәдениетті жаңғырту

ҚР Ұлттық музейінде «Ғасырлардан сыр шерткен – Атырау» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында Атырау облысы тарихи-өлкетану және Ш.Сариев атындағы қолданбалы сәндік өнер мұражайлары қорларынан «Ғасырлардан сыр шерткен – Атырау» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 18:27

Көрменің мақсаты – өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеуге негізделген жоба аясында Атырау облысы тарих-өлкетану мұражайының қорында жинақталған қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің баға жетпес жәдігерлерін елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстыру.  

Мысыр елін 17 жыл билеген атақты қолбасшы, тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыс  ескерткішінің макеті, Солтүстік Африкалық үлгідегі күміспен әшекейленіп жасалған мамлюктер тапаншалары;

Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты: Әбілхайыр хан (1693 -1748),  Бөкей хандығының құрылу тарихы (1801), Бөкей ордасының негізін салушы Бөкей Нұралыханов және Бөкей ордасының соңғы  ханы  Жәңгір (1801-1845), өмірдеректері мен фотосуреттері және  мөрлері, Бөкей ордасында ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысты бұйым түрлері;

Кіші Жүздегі халық батырлары Сырым Датұлы (1712-1802), ұлт - азаттық көтеріліс басшылары (1836-1838 ж.ж.) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына қатысты фотосуреттер және заттай бұйымдар 200 жылдық тарихы бар қайрақ тас, дауылпаз ақынның домбырасының көшірмесі;

Қазақ мұнайының тарихы және  қазіргі мұнай компаниялары, Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, өнер және әдебиет, спорт салаларының даму тарихы және дамытуға үлес қосушылардың  фотосуреттері мен құжаттары бойынша 17 дана тақырыптық планшеттерге орналастырылып, жергілікті қолөнер шеберлерінің этнографиялық туындылары, сүйекпен және күміспен әшекейленген ер үзеңгісімен, күмістелген қамшы (ХХ ғ), ағаш ыдыстар, сүйек пластинкалы, күміспен өрнектелген домбыра (ХІХ ғ), зергерлік әшекей  бұйымдары  түрлері, сонымен қатар Ш.Сариев атындағы қолданбалы және сәндік өнер мұражайы қорынан  60 дана картина   қойылады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика