ҚР ИИДМБ

Д. Әшімбаев: ИИДМБ тұрақты тексеру жүйесі енгізілген жалғыз бағдаралама

ИИДМБ оны жүзеге асыру барысында тұрақты түрде тексеру мен есеп беруді қарастыратын жүйе енгізілген жалғыз бағдарлама. Бұл туралы сарапшы-саясаттанушы, «Кто есть кто в Казахстане» атты ақпараттық-басылым жобаның жетекшісі Данияр Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Казахстан24 Шілде , 16:23

«Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны жария етті, онда экономикаға қатысты мәселелер көп емес, өйткені елде ИИДМБ екінші бесжылдығы жүзеге асырылуда және «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданған. Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында екі қосарлама элементке назар аударып отыр. Оның біріншісі биліктің ашықтығын қамтамасыз ету, екіншісі мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру. Елде экономикалық саясатты жүзеге асырып, базалық бағдарламаларды орындау үшін  тап осы мәселелер өзекті болып табылады»,-деп түсіндірді саясаттанушы.

Д.Әшімбаевтың сөзінше, ҮИИБ-ның бірінші бесжылдығының оңтайлы есептілігі мен даму статистикасы бар болатын. Сонымен қатар, нысандар жіті назарда әрі тұрақты тексеру аясында жүзеге асырылуда.

Сарапшының пікірінше, ИИДМБ елдің шикізат саясатына екпін түсіретін және отандық кәсіпорындарды сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама.

«Қазақстанның жаңа тарихына жіті назар салатын болсақ, біз соңғы 20 жылдың көлемінде жаңғырту, қалыптастыру, дамыту бойынша 20-ға жуық бағдарламаның қабылданғандығының куәсі боламыз. Алайда қарапайым ғана мониторинг жұмыстары тұрақты тексеру шаралары енгізілген, статистикалық мәліметтер жарияланып, есеп беріліп отыратын жалғыз ғана бағдарлама ҮИИБ екенін көреміз, ал өзге құжаттар бойынша мұндай шаралар қарастырылмаған»,-деді саясаттанушы. 

Д.Әшімбаевтың сөзінше, нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында проблема тап осы бақылау жүйесіне қатыст болатын.  

«100 нақты қадам» бағдарламасында да көрініс тапқан Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы тап осы мемлекеттік басқару сапасын жетілдіруге бағытталған болатын. Бұл мемлекеттік қызметтің лауазымдық үлгісінен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, кадрларды дайындау болып табылады. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы алдыға реттеудің тактикалық дағдарысқа қарсы бағдарламаларын қамтитын міндеттерді қойды»,-деді сарапшы.  

Индира Кауметова

 

 

 




Яндекс.Метрика