Өңірлер

ОҚО-ның 30 пайыз өңірлік нарығын азық-түлік өнімдерінің сатылымы құрайды

«Шымкент» ӘКК ақпаратына сәйкес, өңірлік нарық 5,5 трлн теңгеге бағаланып отыр, оның ішінде 29 пайызын– азық-түлік өнімінің сатылымы құрайды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан24 Шілде , 17:39

Шығын көлемі мен өндірістің көлемі мен өндірістік және өзге тауарлардың келешегін анықтайтын сарапшылар азық саласын дамытатын жобалар тізімін құрды.

Оларды қалалар мен аудандарда жүзеге асыруға қажет. Оның әрбіреуінде табиғи-климаттық жағдайлар мен шикізаттың көлемі есептелген. Жоспар бойынша 215 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Демек, әрбір ауданға 15 жобадан келеді.

Алдын ала жоспарлар бойынша, 10 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Жобалар азық-түлік өнімдерін өндіруге, құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған.

Аймақ басшының айтуынша, жергілікті кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, шығарылатын тауарлардың ассортиментін көбейту қажет. Жұмысты жетілдіру мақсатында ет және сүт өңдеу тауарларын шығаруды жетілдіру қажет.

 

 




Яндекс.Метрика