Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

Қазақстанның Президентіне шетелдік елшілер сенім грамоталарын табыстады

Бүгiн Ақордада Қазақстан Республикасы Президентіне бірқатар жаңадан тағайындалған шетелдік елшілер сенім грамоталарын табыс еттi, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы22 Қазан , 15:48

«Мемлекет басшысына сенiм грамоталарын Бельгия, Армения, Беларусь, Бразилия, Франция, Куба және Катар елшілері табыс еттi», - деп хабарламада нақтыланған.

«Сiздердi дипломатиялық өмiрбаяндарыңыздың жаңа парағы - Қазақстанға, Астанаға келулерiңiзбен, жаңа қызметтерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын. Бiздiң елiмiзге Сiздер iшкi саясаттағы маңызды оқиғалар кезеңiнде келiп отырсыздар», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы  Астанада  болатын  «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесі мен  Алматыда өтетін «Универсиада-2017» халықаралық спорт ойындарына дайындық жүріп жатқандығын атап өтті.

 «Былтырғы желтоқсан айында мен ел дамуының жаңа басымдықтары белгiленген Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi бағдарламасын бекiттiм. Ондағы бiздiң алға қойған мақсатымыз 30 өркендеген елдер арасына кiру.

Осы төңiрегiнде бүкiл Қазақстан жұмыс iстеп жатыр. Сiздер ол бағдарламамен таныс болған шығарсыздар деп ойлаймын»,- дедi Н.Назарбаев.




Яндекс.Метрика