Экология

Алматыда Қарғалы өзенінің сағасын тазалау мақсатында қалпына келтіру, тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы24 Шілде , 17:24

Хабарламадан мәлім болғанындай, Қарғалы өзенінің сағасын тазалау жұмыстары жалғасуда. Күні-түні қалыпна келтіру тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Апаттан-құтқару жұмыстары кезінде № 192 орта мектебінің жертөлесінен 40 текше метрден астам батпақ шығарылды. Қазіргі таңда ІІМ бөлімшелері тарапынан апаттан-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендердің үйлерін тазартуға ккөмек көрсетілуде. 

ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің күшімен 25 аула маңы тазартылып, 2 мүйізді ірі қара құтқаралды. Суға батқан бөліктерден 4 көлік шығарылды. Зардап шеккендерді қабылдауға арналған орандарда адамдарға ыстық тамақ ұйымдастырылған және оалрға медициналық психологиялық көмектер көрсетілуде. Зардап шеккендер және көшірілгендер үшін 55 меманханалардан орындар ұйымдастырылды. 

Апатқа ұшырағандарға арналған медицина және жедел көмек орталығының 6 бригадасы кезекшіліктерін жалғастыруда, онда сондай-ақ дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуде. Ұрлыққарлықтың алдын алу мақсатында Наурызбай ауданында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырды.  

Айта кететін мәселе, апаттан-құтқару жұмыстарына барлығы 1 мың 748 адам, 308 дана техника мен 3 тікұшақ тартылған.

 




Яндекс.Метрика