Басқару

Астанада #Talks2050 форумында елорданың келешек дамуы талқыланады

Бүгін Астанада «Мегаполис: тұрмысқа әлде жұмысқа жайлы ма?» тақырыбында форум басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 10:04

 #Talks2050 – TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Ұйымдастырушылар: «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі. Биылғы алғашқы #Talks2050 форумы Атырау қаласында өтті. Барлығы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент, Өскеменде 5 форум жоспарланған.     

Осы жолы бұқара назарына ұсынылатын тақырып аясы: «Қазақстанның бас қаласының келешек келбеті қандай болуы тиіс? Қаланың ғаламдық урбанистикалық орталыққа айналуы елорда тұрғындарына қандай табыс әкелмек? Елорданы дамыту бағдарламаларында қала тұрғындарының мүддесі қаншалықты көзделген? Қала тазалығы мен ондағы тұрғындарға жасалған жағдайға қатысты елордалықтар ойын ашық айтып, нақты ұсыныстар беруге дайын ба?»  

 «Спикер ретінде біз астананың дамуына тікелей қатысы бар, өз өмірін қаланың келбетін қалыптастыруға арнаған адамдарды шақырып отырмыз. Олар сәулетшілер, экономистер, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым көшбасшылары, кәсіпкерлер мен өзге де белсенді қала тұрғындары. Олардың әрқайсының алдында көрерменге қызықты тәсіл арқылы Астанада сапалы өмір сүрудің стратегиясы туралы жеке тәжірибесімен бөлісу міндеті тұр, - дейді «Қазақстан 2050»  Жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Данат Жұмин.

Форум аясында 10 спикердің әрқайсысы 15 минуттан сөз алады. Яки, шамамен 3 сағат аясында форум қатысушылары әр саланың кәнігі мамандарының өз аузынан экономика, инженерия, бизнес, экология, мәдениет саласы тұрғысанан көзқарастары мен болжамдарын тыңдай алады. Іс-шараға 200-ден астам қатысады деп жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика