Адами капитал

200-ден астам кадет Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімдерінде қызмет етуге кірісті

Биылғы жылы Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусын бітірген 214 жас сержант әскери қызмет етуге кірісті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан24 Шілде , 17:06

«Әскери басқару кіші маманы» дипломы мен біліктілігі, сондай-ақ ЖӘЖМ механик-жүргізушісі және «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігі бар бозбалаларды Қазақстанның әр өңірлеріне әскери бөлімдер мен бөлімшелерге қызмет етуге бөлді.

Осылайша, осы жылы қазақстандық армия кіші командалық құрамның тағы да екі жүз білікті маманымен толықтырылды. Қазір оларға іс жүзінде күрделі әскери істің барлық қыр-сырымен танысуға ғана тура келеді, алайда олардың ішінде болашақ айбынды рота, батальон командирлері және ҚР Қарулы Күштерінің бас сержанттары болуы әбден мүмкін.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Кадет корпусы жаңадан жинақтауды бастап кетті. Биылғы жылы азаматтық жастар, келісімшарт және мерзімді әскери қызметшілер қатарынан шамамен 240 талапкер қабылдауды жоспарлауда. Оқыту тегін жүргізіледі, қалаушыларға ҰБТ мен КТ-дан 30 балл жинап, психологиялық іріктеуден, медициналық куәландыру мен жас жауынгер курсынан өту ғана қажет.

 




Яндекс.Метрика