Білім беру

Мәжіліс депутаты Қарағанды облысының білім беру технологияларының келешегімен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» ҚДП фракция мүшесі Нұрлан Жазылбеков жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қарағанды24 Шілде , 16:52

«Мәжілісмен аймақтың бірқатар білім беру мекемелерінде, оның ішінде медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды. Н.Жазылбеков ғылым мен инжинерингтің болашаққа жасалған 19 инновациялық орталығымен танысты», -  делінген хабарламада.

 Халық қалаулысына осы жерде, шағын өндіріс базасында «Қазақстанда жасалған» деген төлтаңбасымен өнімдер шығарып жатқанын мәлім етті.

Н.Жазылбеков құқыққорғау органдарының (ІІБ, ҰҚК, ІІМ Академиясы) өкілдерімен болған жүздесуде бес институтционалдық реформа, Парламентте қаралып жатқан заң жобаларындағы жаңалықтар жайында әңгімелеп берді. «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Қарағандыдағы тарихи өлкетану мұражайына да барды.
 




Яндекс.Метрика