Басқару

Қазақстанда қыркүйек айында 2015-2020 жылға арналған өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша бірлескен жоба жүзеге асады

1 қыркүйектен бастап Қазақстан облыстарында 2015-2020 жылдарға арналған өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылады, ол ҚР дСӘДМ, ҚР БҒМ, ҚР ІІМ және «ЮНИСЕФ» балалар қорының бірігуі арқылы іске асады, деді ОКҚ брифингінде Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының директоры С.Алтынбеков.
Казахстан24 Шілде , 14:06

« «ЮНИСЕФ», ҚР ДСӘДМ  балалар қорымен бірлесіп, өзге де қызығушылық танытқан ведомстволар ҚР БҒМ, ІІМ, 2015-2020 жылдарға арналған өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жобасын жүзеге асырады. 2015 жылы жоспарды жүзеге асыру барысында денсаулық сақтау және білім беру, Қызылоррда облысының ішкі істері 1 қыркүйектен бастап жобасын бастайды. Осы жылы Астанада басталады, ол 2016-2017  жылдары басқа облыстарда жүзеге асырылады», - деді С.Алтынбеков.

Оның айтуынша, Қазақстанда 2011 жылдан бастап суицидтің алдын алуға бағытталған. 2012-2014 жылға арналған Ұлттық жоспар бар, жоспар бойынша барлық шаралар орындалып, 7 қызығушылық танытқан министрлік пен агенттіктер, ведомстволар жұмылдырылды», - деді ол.

Қазақстанда бүгінгі күндері тіркелген  өзіне өзі қол салу оқиғаларының саны төмендеу үстінде, 2013 жылы барлығы 3506 өзіне өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелсе, оның ішінде 292-сі кәмелетке толмағандар арасында, 2014 жылы бұл көрсеткіштер 3124 және сәйкесінше кәмелетке толмағандар арасында 192 санын құрады. Осылайша, тұтастай алғанда өзіне өзі қол жұмсаудың азаюы бүкіл тұрғылықты халық бойынша 10,9%-ды құраса, кәмелетке толмағандар арасында 34,2%-ға кеміді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика