Басқару

Н.Назарбаевтың білім қоры Ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің 33 пайыз акциясын сатып алуға ниетті (ВИДЕО)

Біз құрылтайшылардың бірі ретінде «Зерде» Холдингі» акционерлік қоғамына тиесілі «Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті» акционерлік қоғамының акцияларының бір бөлігін немесе толық пакетін сатып алуға қызығушылық танытып отырмыз, деді «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қорының өкілі Асқар Нұрпейісов Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.
Казахстан 24 Шілде, 13:58

«Біз «Зерде» холдингімен және Халықаралық бизнес университетімен бірге «Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті» акционерлік қоғамының құрылтайшыларының біріміз. Дөңгелек үстел отырысы сәтті өтті, түрлі мәліметтерге толы болды. «Зерде» өзінің акциялар пакетін сатуға қатысты көқарасын нақты білдірді. Осы университеттің құрылтайшыларының бірі ретінде Халықаралық бизнес университетімен бірге акциялар пакетінің бір бөлігін немесе толық сатып алуға қызығушылық танытып отырмыз»,-деді А.Нұрпейісов.

Оның сөзінше, қор университеттің негізін қалаушыларлдың бірі ретінде, оның дұрыс бағытта дамығандығын қалайды. 

«Өйткені  біз аталмыш оқу орнының дамуына өте көп күш салдық»,-деп қосты А.Нұрпейісов.

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, «Зерде» холдингі» АҚ жекешелендірудің екінші толқынының аясында «Ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының 33 пайыз акциялар пакетін сатуды жоспарлап отыр.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика