Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Жайық өзенін балықтандыруға Атырау қаласының оқушылары қатысуда

Шамамен 3 млн. бекіре тұқымдас балық шабақтарын Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық зауыттары өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберді, деп хабарлады ҚР АШМ.
Атырау24 Шілде , 18:12

«Өскелең ұрпаққа табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу аясында Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты «Каспий бекіресінің болашағы сенің қолыңда» атты акция ұйымдастырды», - делінген хабарламада.

Шара барысында Атырау қ. мектептерінің оқушылары Жайық өзеніне 10 мың. дана бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жіберді.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өсімін молайту кешеніндегі кәсіпорындарымен «Балық ресурстарның және басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жылсайын балық шаруашылығы су қоймаларын балықтандырады.

 

 




Яндекс.Метрика