Евразиялық экономикалық кеңістік

Атырау облысының кәсіпкерлеріне КО және бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграция бойынша семинар өтті

Кеше, 21-ші қазанында Атырау облыс әкімдігінде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығымен және «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қатысуымен «Кедендік одақ және бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде интеграция» тақырыбына арналған семинар-кеңес өтті, деп облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Атырау22 Қазан , 15:38

«Семинар-кеңестің мақсаты - қазіргі интеграциялық барысы жөнінде, сонын ішінде кедендік-тарифтік саясат, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саясаты, алдағы уақытта бірігіп кәсіпорын құру және басқа да маңызды мәселелерді өңірлік бизнес өкілдерінің қаперіне беру болатын», - деп хабарламада нақтыланған.

Семинар-кеңеске Кеден департаментінің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, «Атырау облысының Кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ –гі, Атырау облысындағы сауда және өнеркәсіп палатасының, шағын  және орта бизнес өкілдері шақырылды.

Кеңеске қатысушылар тікелей сұхбат арқылы облысымыздағы көптеген кәсіпкерлерді толғандыратын сұрақтарды талқылады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика