Мәдениетті жаңғырту

Қазақстан IСТМ түркі мәдениетімен таныстырды

Астанада өнер және мәдениет саласындағы ең беделді форум IСТМ Бүкіләлемдік конференциясы өз мәресіне жетті. Кезекті IСТМ 43-ші Бүкіләлемдік конференциясы посткеңестік кеңістікте алғаш рет өткізіліп, Қазақстан мәдениет және өнер саласындағы халықаралық сарапшылардың жоғары тобын ТМД елдерінің ішінде бірінші болып қарсы алды, деп хабарлады ҚР МСМ.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 16:07

Айтып кету керек, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бастамасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақ ұлттық өнер университетінің белсенді қатысыуының арқасында Дәстүрлі музыка және би халықаралық кеңесі түркітілдес мәдениетті зерттеуге соншалықты терең және жаһандық сипатта бет бұрды. Еуразиялық мәдениеттің орталығы болып табылатын Қазақстан әлемдік қауымдастық үшін әсіресі тартымды болып көрінді.

IСТМ басқармасының мүшелері қазақстандық форумның айрықша ерекшелігі ретінде өтіп кеткен жиынның ауқымдылығын айтып кетті. Бұл беделді халықаралық ұйымның тарихында алғаш рет Бүкіләлемдік конференцияға қатысушылардың саны рекордқа жетті - оған қатысу үшін әлемнің 70 мемлекетінен 600 астам музыка және өнер зерттеушілері келді.

Дәстүрлі музыка және би халықаралық кеңесі (IСТМ) музыканттар, музыка және би оқытушылары, әртістер, композиторлар, мәдениеттанушылар, музыкатанушылар мен өнертанушылар, яғни заманауи визуалды және дыбысты мәдениетті, оның болашағын қалыптастырып, жас ұрпақтарды тәрбиелеуге белсенді қатысып жатқандардың барлығының басын қосады.

Бұл ұйым қалыптасу мен дамудың ұзақ мерзімді тарихына ие. Ол 1937 жылы құрылды. 1947 жылдан бастап дүниежүзінің түрлі аймақтарында екі жылда бір рет мерзімімен IСТМ Бүкіләлемдік конференциялары өткізіліп келеді. Бұл шара өткізудің көлемділігімен және дәстүрлі мәдениеттердің әлемдік қауымдастыққа жаһандануы, бүкіл әлемнің мәдени дамуындағы айрықша маңыздылығымен ерекшеленеді.

Бір апата бойы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка, Чехия, Ұлыбритания, Канада, Португалия секілді т. б. көптеген мемлекеттердің өкілдері ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді зерттеу саласында пікір алмасқан болатын.

Шара қатысушыларының пікірінше, Шара қатысушылары конференция нәтижелері ICTM мүше-мемлекеттерінің материалдық емес және материалдық мәдени мұраларын зерделеу мен сақтау, құжаттау мен мұрағаттаудың жаңа әдістеріне алып келеді.

Конференция ұйымдастырушы комитетінің төрайымы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстан Еңбек Ері А. Мұсахаджаеваның пікірінше, IСТМ Бүкіләлемдік конфренциясын өткізу — жер жүзіне түркі әлемінің көшпелі көне мәдениетінен бастау алатын қазақстандық өнер ең бірегей мен өзіндік ерекшелігі бар мәдениеттердің бірі болып табылатындығын көрсетудің жаңа мүмкіндігі.

«Осы секілді шараларды өткізу — ол мемлекеттің «брэндингі". Екіншіден, біз бүгінгі мәдени саясат елдің идеологиялық және саяси-мәдени тұрақтылығының ажырамас бөлігі екендігін жақсы түсінеміз. Жаһандану уақыты кезінде барша Еуразия құрлығының мәдениетінің дамуы бізбен байланысты екендігін көрсетеміз», — деп ойымен бөлісті Айман Қожабекқызы.

 

 




Яндекс.Метрика