Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР ДСӘДМ шетелдік жұмыс күшін тарту үрдісін қайта қарауды ұсынуда

ҚР ДСӘДМ қолданыстағы ШЖК тарту жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуда. Қазіргі таңда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.
Казахстан24 Шілде , 13:26

«Заң жобасында шетел мамандарын (жұмыс істеу үшін Қазақстанға өз еркімен келген азаматтар) квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балдық жүйе бойынша бағалау мәселелері қамтылған. Шетел жұмыскерлері үшін өздігінен жұмысқа орналасу бойынша басым бағыттар анықталатын болады (эконимикалық қызмет түрлері)», - деді Б.Нұрымбетов.

Сондай-ақ, заң жобасында жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту тәртібін жетілдіру ұсынылады. Егер бұған дейін квота Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғынына пайыздық арасалмағы негізінде белгіленсе, енді ШЖК тартуға квотаны экономикалық қызметтің түрі бойынша сала жұмыскерлерінің санына қатысты пайыздық арасалмақпен анықтау қарастырылады.

«Рұқсатты ақылы негізде беру жоспарланған. Рәсімдеу шараларын жеңілдету мақсатында рұқсатты беру ХҚКО арқылы жүргізіледі.  Ішкі корпоративтік ауысулар рәсімдерін жеңілдету ісі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарымен сәйкес жүзеге асырылады», - деді ол.

«Ішкі корпоративтік ауысуларды жеңілдік шарттарынының негізінде рұқсат беру арқылы квотадан тыс жүзеге асыру ұсынылып отыр, Жеңілдік шарттары тегін рұқсат беруді, 2 және 3 санаттағы (құрылымдық бөлім жетекшілері мен мамандар) жергілікті кадрларды ұстауға қойылатын талаптардың 50%-ға дейін төмендетілуін, сонымен қатар, бірінші санат бойынша (жетекшілер мен олардың орынбасарлары) шектеулерді алып тастауды қарастырады», - деп атап өтті Б.Нұрымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларға жағдай жасауды, АҚШ, Канада, Австралия және т.б. елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғарғы білікті шетел мамандарын тарту бағытындағы көші-қон тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын. 




Яндекс.Метрика