Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қазақстанда рұқсат бойынша 38 346 шетелдік азамат жұмыс істейді – ҚР ДСӘДМ

Қазақстанда рұқсат бойынша 38 346 шетелдік азамат жұмыс істейді.Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
Казахстан24 Шілде , 13:15

«Елбасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларға жағдай жасауды, АҚШ, Канада, Австралия және т.б. елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғарғы білікті шетел мамандарын тарту бағытындағы көші-қон тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын», - деді ол.

« ҚР көші-қон саясаты ішкі еңбек нарығын қорғау мен оны отандық мамандар үшін сақтау қағидаларына, сонымен қатар, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негізделген. (әрі қарай ШЖК). Қазақстанда квоталау және жұмыс істеуге рұқсат беруге негізделген ШЖК тарту тәртібі қолданылады.ҚР Үкіметі 2015 жылы ШЖК тартуға бекітілген квота көлемін республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы санының 0,7% (шамамен 63,9 мың адам) құрады», - деді Б.Нұрымбетов.

2015 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес елімізде 38 346 шетел азаматтары жұмыс істейді. Оның 63%-ға жуығы жоғарғы санаттағы жұмыскерлер (топ-менеджерлер, орта буын басшылары, мамандар), 37% - білікті және маусымдық шетелдік жұмыскерлер.

«Бүгінде Қазақстанда 144 елден келген 38 346 шетел азаматтары жұмыс істеуде (Қытай - 32%, Туркия -12%). ҚР ДСӘДМ қолданыстағы ШЖК тарту жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуда. Қазіргі таңда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді», - деп атап өтті ол.

Ішкі корпоративтік ауысуларды жеңілдік шарттарынының негізінде рұқсат беру арқылы квотадан тыс жүзеге асыру ұсынылып отыр, Жеңілдік шарттары тегін рұқсат беруді, 2 және 3 санаттағы (құрылымдық бөлім жетекшілері мен мамандар) жергілікті кадрларды ұстауға қойылатын талаптардың 50%-ға дейін төмендетілуін, сонымен қатар, бірінші санат бойынша (жетекшілер мен олардың орынбасарлары) шектеулерді алып тастауды қарастырады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика