Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Құрық портында жағалауға шығуға мүмкіндік ашылды - ҚТЖ

Каспий теңізінің Құрық портында паром кешені салынып, құрылысшылар кәсіпкерлер мен кәспорындарға жағалауға шығуға мүмкіндік әперді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бұл жобаны биылғы сәуірде ашқан болатын, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.
Маңғыстау24 Шілде , 15:19

«Таяуда арнайы техникалар саны 200-ге жетеді. Екі ауысымда жұмыс жасауға болады. Биылғы жылғы жоспарымызда темір жолдың топырақ төсемін жасап, Құрық селосынан портқа дейін оптикалық талшықты ВЛ-110 кВт электр желілерін тартамыз. Ерсай станциясынан темір жолдың кірме телімдерін төсейміз»,-дейді жобаның бас инженері Марат Дүйсенбаев.

Бүгінгі таңда темір жолдың портқа кірме телімдері тегістелуде. Мұнде 4 миллион текше метр жер қабатын алу қажеттілігі байқалады. Қазірдің өзінде құрылысшылар 1 миллион 150 мың текше метр топырақ шығарып, жұмыстың 30 пайызын орындады. Жердің қатты қабатын жару тәсілдері қолданылуда.

Құрық порты Ақтаудан жүз шақырым жерде орналасқан. Сондықтан да мұнда Боржақты-Ерсай темір жол желісі төселді. Жаңа темір жол желісімен алғашқы жұмысшы пойыздарын Мемлекет басшысы шілдеде жіберді. Қазір бұл жолмен құрылыс заттары, паром кешеніне қажетті ауыр қорапты қаусырмалар, басқа да тауарлар отандық және шетелдік кәсіпорындардың сұранысы бойынша жеткізілуде. Таяу арада Ерсай станциясынан Құрық портына 14,7 шақырымдық кірме жолдары салынатын болады.

Бұл жұмыстармен қатар теңіз аумағының тереңдігін зерттеу жұмыстары да жүргізілуде. Ол жұмыстың аяқталуына байланысты теңіз табанын қазудың әдісі қарастырылады. Сонымен қатар су акваториясын теңіз толқындарынан қорғаныш құралдары батыс бөлігінде 1350 метрге, шығысында 540 метрге орнатылады.

Құрылысшыларға жұмыс жасап, уақытында тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Вагондардың орнына 150 жұмысшы мен 40 инженер техниктерге арналған шағын қалашық салынады. Қазірдің өзінде жайлы жатақхана, әкімшілік корпус, асхана салынуда.

Жылына төрт миллион тонна жүк өткізе алатын паром кешені халық тұтыну тауарларын, астық, мұнай өнімдері, сұйытылған газ, тыңайтқыш басқа да жүктер тасымалдайды. Порты толық қуатында іске қосу үшін 250 адам тұрақты жұмысқа қабылданады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика