Евразиялық одақ

ЕЭК мен ЭЫДҰ-ның өкілдері статистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Ынтымақтастықты дамыту директоратының «XXI ғасырдағы даму мақсатында статистика саласындағы серіктестік» техникалық бағдарламасының үйлестірушісі Джефри Гринвелмен бірге статистика саласындағы ынтымақтастықты сөз етті, деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.
Әлемде24 Шілде , 15:49

Шараға Статистика, Макроэкономикалық саясат, ЕЭК-ның қаржы департаменттерінің өкілдері мен одақтың ықпалдастырылған ақпраттық жүйесін дайындаушылар қатысты. Жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық одақтың статитика саласындағы ықпалдастықты 2016-2020 жылдар аралығында дамыту бағдарламасы, статистикалық мәліметтер базасы саласындағы заманға сай стандарттары, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.         

Қазіргі таңда ЕАЭО-тың 2016-2020 жылдарды қамтитын Статистика саласындағы дамыту бағдарламасынегізгі беген бірнеше мәселені шешуді қарастырады. Олардың арасында жаңа халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу, тұрғындарды ұлттық түгендеу және 2020 жылғы тұрғын үй қорының раунды жұмыстарына дайындау, статитика саласындағы құқықтарды қалыптастыратын одақ мәселелері бар. Бұған қоса, бағдарлама статистика саласындағы әдістер мен технологияларды енгізуге, ықпалдастық үдерістерінің көрсеткіштерінің жүйесін дамытуға бағытталған. Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықтың осы сияқты өзге де бағыттарын талқыға салды.            

  

 

 




Яндекс.Метрика